20
May
2021
2020-2021 оқу жылында жазғы мектепті ұйымдастыру мәселесі
Мектебімізде 14.05.2021ж. күні қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің кезектен тыс отырысы болып өтті.ӘБ жетекшісі Бейсебаева Ф.И. пән мұғалімдерін екі мәселемен таныстырды:
1.2020-2021 оқу жылында жазғы мектепті ұйымдастыру мәселесі;
2.Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша қорытынды аттестаттауды 2020-2021 оқу жылында ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықты таныстыру туралы.
Пән мұғалімдері жазғы мектеп 26 мамыр-19 маусым аралығында білім сапасын арттыру және шектеу шаралары негізінде жіберілген білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында орындалатынын, жазғы мектепті ұйымдастыруда ескеретін басты қағидаларын назарда ұстады.Оқу бағдарламасы бойынша тақырыптар санынан күрделі тақырыптарды игерту жолдарын талқылады.
Екінші мәселеде қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру нұсқаулығы негізінде жалпы ережеде көрсетілген тарауларға жіті көңіл бөлінді.Алдағы уақытқа іс-шаралар барысын жоспарлап, нұсқаулықтарды басшылыққа алатындықтары туралы пікірлерін ортаға салды.