14
January
2022
Рефлексия-мұғалімнің кәсіби дамуының негізі
2022 жылдың 14 қаңтар күні қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің ІІІ отырысы болып өтті. Күн тәртібінде 8 мәселе қаралды. Пән мұғалімдері Амреева А., Аймбетова А. "Рефлексия-мұғалімнің кәсіби дамуының негізі","Оқу мақсаттарынан сабақ мақсаттарына шығу жолдары" тақырыптарында жаңартылған білім беру аясында тәжірибе алаңына шығып, ой бөлісті.ӘБ жетекшісі Бейсебаева Ф. негізгі мәселе ретінде 2-тоқсандағы қазақ тілі мен әдебиетінің білім сапасына талдау жасады.Күн тәртібінде 9,11-сыныптардың қорытынды аттестаттауға дайындық барысы туралы пән мұғалімдері есеп берді.Түрлі интеллектуалдық байқаулар мен олимпиадалардың мониторингісі қаралды.Пән олимпиадасының мектепшілік кезеңі талқыланып, аудандық кезеңге дайындық барысы сөз болды.Пән мұғалімдеріне мектеп әкімшілігі бұйрығымен демалыс кезіндегі күндерді басқа күндерге ауыстырудың талаптары ескертілді, оны іске асыруға бағыт-бағдар берілді. Әр түрлі мәселелер бойынша да ойбөлісу, жоспарлау сынды жұмыстар күн тәртібінің соңғы мәселесінде қаралды.
Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБЖ Бейсебаева Ф.И.
Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБЖ Бейсебаева Ф.И.

