Обл УО хат
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ ОРТА БІЛІМ БЕРУ КОМИТЕТІ» РММ | РГУ «КОМИТЕТ ДОШКОЛЬНОГО И СРЕДНЕГО ОБРАЗОВАНИЯ МИНИСТЕРСТВА ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН |
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, тел.: (7172) 74-22-92, www.gov.kz/memleket/entities/kdso | 010000, город Нур-Султан, проспект Мәңгілік ел, 8, тел.: (7172) 74-22-92, www.gov.kz/memleket/entities/kdso |
___________________№ __________________
________________________________________
Облыстардың, Нұр-Сұлтан,
Алматы және Шымкент
қалаларының білім басқармалары
Республикалық білім беру ұйымдары
Ұлттық тестілеу орталығы
(мәлімет үшін)
Қазақстан Республикасы Ministry of Education and Science 9 (10) және
11 (12) сыныптарда өтілетін 2021 жылғы қорытынды аттестаттау мәселесі бойынша төмендегілерді қосымша хабарлайды.
Қорытынды аттестаттау 9 (10) сынып білім алушылары үшін санитарлық талаптарды сақтай отырып:
1) ұйғыр/өзбек/тәжік тілінде оқытатын мектептер үшін қазақ тілі/орыс тілі (оқыту тілі), ана тілі бойынша эссе түріндегі жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) (2021 жылғы 28 мамыр);
2) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан (2021 жылғы 2 маусым);
3) орыс/ұйғыр/өзбек/тәжік тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (2021 жылғы 5 маусым) бойынша өтеді.
11 (12) сынып білім алушылары үшін санитарлық талаптарды сақтай отырып:
1) ұйғыр/өзбек/тәжік тілінде оқытатын мектептер үшін қазақ тілі/орыс тілі (оқыту тілі), ана тілі бойынша эссе түріндегі жазбаша емтихан (2021 жылғы 1 маусым);
2) алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан (2021 жылғы 4 маусым);
3) Қазақстан тарихы бойынша тестілеу (2021 жылғы 7 маусым);
4) орыс/ ұйғыр/өзбек/ тәжік тілдерінде оқытатын мектептердегі қазақ тілінен тестілеу және қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілінен тестілеу (2021 жылғы 10 маусым) бойынша өтеді.
Қайта қорытынды аттестаттау санитарлық талаптарды сақтай отырып 2021 жылғы 11 - 19 маусым аралығында өткізіледі.
Білім алушылардың дайындалуы үшін емтихан материалдарының сынама нұсқалары Ұлттық тестілеу орталығының сайтына орналастырылды.
9 (10) сынып білім алушылары үшін емтихан материалдарын білім басқармалары, республикалық мектептердің 9 (10) және 11 (12) сынып білім алушылары үшін емтихан материалдарын Ұлттық тестілеу орталығы дайындайды және 2021 жылғы 15 мамырға дейін электронды түрде жеткізеді.
Білім басқармалары емтихан материалдарын білім беру ұйымдарына дейін емтихан өтерден бір күн бұрын мынадай тәртіппен жеткізуді қамтамасыз етеді:
1) емтихан материалдары А4 көлеміндегі қораптарға салынады. Қораптар мөрленіп, ішкі жағынан арнайы тігісі бар арнайы қаптарға салынады;
2) арнайы қаптар толтырылған соң пломбаланады.
3) эссе тақырыптары, алгебра және анализ бастамалары пәні бойынша бақылау жұмысы нұсқалары бөлек конверттерге салынады. Барлық материалдар қаптың ішінде жіберіледі.
Бұған дейін Министрлік тарапынан ү.ж. 29 қаңтарда № 5-18-2/347-И хатпен 9 сыныптарда қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру алгоритімі және «Алтын белгі» белгісіне үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын тексеру бойынша нұсқаулық, сонымен қатар емтихан материалдарын дайындаған және жеткізетін мамандармен Құпия ақпаратты таратпау туралы келісім жасау нысаны жұмыс барысында пайдалану үшін жолданған болатын.
Білім басқармалары берілген материалдарды және осы хабарламаны барлық орта білім беру ұйымдарына жеткізуді және Қорытынды аттестаттауды өткізу жұмыстарын сапалы ұйымдастыруды қатаң бақылауға алулары қажет.
Сонымен қатар, биылғы жылы алғаш рет емтихан материалдары электронды нұсқада жеткізілетіндігін және «Алтын белгі» белгісіне үміткерлердің жазбаша емтихан (эссе, алгебра және анализ бастамалары) жұмыстарын облыстық білім басқармасы жанынан құрылған комиссия тексеретіндігін ескере отырып қажетті қаржылай және материалдық шығындарды алдын-ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.
Төраға М. Мелдебекова
Т. Жакенов
74-20-48