06
июнь
2022
«Бөлме өсімдіктері – жанды табиғат» тақырыбында таным сабағын өткізді
Ағымдағы жылдың 6 маусымында Тұрар Рысқұлов атындағы #20 жалпы орта білім беретін мектебінде «Көгершін» мен «Құлыншақ» топтарының жетекшілері «Бөлме өсімдіктері – жанды табиғат» тақырыбында таным сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты: балалардың табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктері туралы білімдерін толықтыру, бөлме өсімдіктерін қалай күту керектігін іс жүзінде көрсету арқылы еңбекқорлыққа баулу. Сабақ барысында әңгімелеу, көрсету, сұрақ – жауап, түсіндіру әдістері қолданды. Балаларға өсімдікке қалай дұрыс күтім жасау керектігін көрсете отырып және сол әрекетті өздері қайталай отырып орындау балалардың қызығушылықтарын оятты. Бөлме гүлдерін өсіру тек әдемілікке ғана емес, сонымен қатар үйдің ауасын тазартудағы маңыздылығын дәлелдеді.



