Жолда жүру ереже бойынша тәрбие сағаттары » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Версия для
слабовидящих
» » Жолда жүру ереже бойынша тәрбие сағаттары
12
ноябрь
2021

Жолда жүру ереже бойынша тәрбие сағаттары

Ағымдағы жылдың 12 қараша күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде 2021 жылдың 8 қараша күні өткен аудандық басшы жанындағы кеңестің хаттамалық тапсырмалаларын орындалуын қатаң бақылауға ала отырып, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің «бастауыш, негізгі, орта және жалпы орта білім беретін мектептеріндегі 1-8 сыныптарға арналған жолда жүру ережесі мен жол қауіпсіздігі негіздерін оқыту бағдарламасын бекіту туралы» 2007 жылғы 24 тамыздағы №404 бұйрығына сәйкес, оқушыларға жолда жүру ережелерін қатаң сақтау бойынша 1-11 сынып жетекшілері түсіндірме жұмыстарын, тәрбие сағаттарын өтті. Сонымен қатар директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Абдуалиева және құқықтық тәрбие орынбасары А.Оңланбекова ZOOM платформасы арқылы ата-аналар жиналысын ұйымдастырып, балалардың жолда жүру ережелерін қатаң сақтау мәселелері бойынша бейнеролик көрсетіп, жол апатынан сақтану және өмір қауіпсіздігі туралы айтты. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан бұзылады. Балалар жолда жүру заңын үлкендерден үйренеді. Балалар үлкендердің жүріс - тұрысының жақсы жағын да, жаман жағын да қабылдайды. Көп жағдайда балалар жолда жарақат алып, түрлі жағдайға ұшырап жататыны көлік жүргізушілерінің ғана кінәсінен емес, ол көбінесе балалардың жол жүру ережесін білмегендіктен болады. Балаларға жолда жүру ережелерін үйретіп, үнемі оған үлгі көрсетіп және жүріс - тұрысын қадағалап, балаларды көшеде болатын қауіпті жағдайлардан сақтандыру әрбір ата - ананың міндеті. Б.Абдуалиева ата-
аналарға жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұхият болуын түсіндірді. ДТЖО: Абдуалиева Б.М.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив