09
июнь
2022
“Балалар жылы” аясында балаларды өнерге, шығармашылыққа баулу
Ағымдағы жылдың 9 маусымында “Балалар жылы” аясында балаларды өнерге, шығармашылыққа баулу, өнерлі балаларға ықпал жасау мақсатында лагерь тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен “Мен әртіс боламын” тақырыбында концерт өтті. “Мен әншімін” кезеңінде “күншуақ” пен “құлыншақ” топтары “Кешью” тобы мен “Музарт” топтарына ұқсап, сол топтардың әндерін айтып ерекшеленсе, “Мен бишімін” кезеңінде “Көгершін” тобы мен “Солнышко” топтарының қыздары мың бұралған билерімен таң қалдырды. “Көрермен көзайымы” айдарында көрермен балалармен ойын жүргізілді, балалар өнерде жүрген ағаларына еліктеп, пародия жасап, балаларға қуанышты көңіл - кдомсыйлады. Өнер көрсеткен балаларға сыйлықтар ұсынылды. Концерт балалардың шығармашылық қырларын ашып, өнерді сүюге, өнерде жүрген аға апкелеріне еліктеп, бір сәтте өздерін әртіс ретінде сезінуге, көпшілік алдында өзін еркін ұстауға, ортамен еркін тіл табысуға үйретті. Өткізілген іс - шара балалардың көңілінен шығып, қуанышты көңіл кдомсыйлады.



