12
апрель
2022
Балалар жылы
Ел Президентінің биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялауы еліміздегі әрбір сәбидің, бүлдіршін-балалардың бақытты балалығына, қуанышқа толы қызықты сәттеріне зор үлес қосуда. Осы орайда ағымдағы жылдың 12 сәуір күні мектебімізде балалар жылына арналған «Өнер қуған өрендер» атты мерекелік концерті өтті. Концертке «Ойтал» ауылдық округінің әкімі Арман Баетбаевич қатысып, жас өрендерге жүрекжарды жылы лебізін білдіріп, концертке қатысушыларға сәттілік тіледі. Мектеп директоры- Нұрдаулет Талантұлы да білім алушыларды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен «2022 жыл – Балалар жылы» деп аталып, барыс жылында ел ертеңі – өскелең ұрпақты қолдауға айрықша көңіл бө¬лініп отырғанына тоқталып өтті. Ендеше тағылымды тәрбие – бала болашағының іргетасы.



