27
апрель
2021
«Ерлік кездейсоқ болмайды» тақырыбында кездесу өтті
Жамбылская область Меркі ауданы Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде 27 сәуір Чернобыль атом электростанциясындағы ядролық апаттың орын алғанына 35 жыл толуына орай мектебіміздің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы -ұйымдастырушысы Н.С.Байбульдековтың ұйымдастыруымен «Ерлік кездейсоқ болмайды» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге мектеп оқушылары мен мұғалімдер, Ойтал ауылдық округінің мамандары және болашақ ұрпақ үшін жандарын пида етуден тартынбағандардың қатарында ауданымыздан шыққан Арзымбетов Бахыт Нурадинович, Танатов Жубантай Қорғанбаевич, Дрисс Виктор Александрович қатысты. Мектеп алаңында әскери киімдерімен және барабаншылар тобы қонақтарды салтанатты түрде қарсы алды. Кездесуге келген қонақтар таныстырылып, Чернобыль апатына қатысты видеоролик көрсетілді. Украинадағы Чернобыль атом электр станциясында, 1986 ж. сәуір айында АЭС-тің 4-энергоблогында апат болды. Чернобыль апатының нәтижесінде Украинаның елеулі аумағы мен Ресейдің Брянск және Калуга облыстарының аумағы радиоактивтік ластануға ұшырап, адамдар өміріне қауіп төнді. АЭС-тен радиусы 30 км. жерде тұратын халық басқа жерлерге көшірілді. 1986 жылдың қараша айына дейін апатқа ұшыраған блок залалсыздандырылып, оғашталды. Апатты залалсыздандыруға Қазақстан азаматтары да тартылды. Кездесу барысында осындай ядролық апатты залалсыздандыру үшін батылдық пен ержүректілік танытқан, Отан үшін болашақ ұрпақ үшін жандарын пида етуден тартынбағандардың қатарында ауданымыздан шыққан Арзымбетов Бахыт Нурадинович, Танатов Жубантай Қорғанбаевич, Дрисс Виктор Александрович ағаларымыз апаттан зардап шеккен халық тағдыры туралы баяндады. Келген қонақтарға мектебіміздің дарынды оқушылары ән-жыр арнап, көпшіліктің көңілінен шықты. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бекзат Макеновна қонақтарға алғыс білдіріп, өскелең ұрпаққа үлгі ету мақсатында ұйымдастырылған іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар мектеп директоры Мырзаханов Нұрдәулет Талантұлы Чернобыль атом электр станциясында болған ауданымыздың бірқатар азаматтарына жылы лебізін білдірді. Мұндай кездесулер бізді адам қызметінің ықтимал салдары туралы және өз өмірін қатерге тігіп, әлемді радиоактивті апаттан құтқарған адамдар туралы ойлануға мәжбүр етеді.


















