04
декабрь
2018
«Нашақорлық – айықпас дерт» тақырыбында өткен кездесу
«Нашақорлық – айықпас дерт» тақырыбында өткен кездесу[center]
[/center]2018-2019 оқу жылының қазан айында 8-11 сыныптар арасында «Нашақорлық – айықпас дерт» тақырыбында «Мерей» жастар денсаулық сақтау орталығының мамандарымен кездесу болды. Кездесуге «Мерей» ЖДО психологы Айгүл Абдикапаровна мен Сарсенова Бағдагүл қатысты. Бұл кездесудің мақсаты – жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу, адам ағзасына зиян келтіретін заттардан аулақ болу мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу. Бүгінгі күні жастар мен жасөспірімдер арасындағы есірткі мәселесі аса күрделі мәселе болып отыр. Бұл нәубеттің әрбір үйге, әрбір отбасына енуі әбден мүмкін. Сондықтан барлығымыз – педагогтар, дәрігерлер, ата-аналар мен жастар бірлесіп, нашақорлыққа қарсы тұруымыз керек. Адам баласын тура жолдан тайдыратын, бар өмірін тас-талқан ететін нашақорлық дерті халыққа, қоғамға, мемлекетке қауіп төндіретіні сөзсіз, – деген Айгүл Абдикапаровна оқушылар назарына есірткінің үлкен дерт, түпсіз құрдым екендігін ұқтыратын бейнеролик көрсетті.«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, адамға денсаулық бір- ақ рет беріледі, ал сіздің денсаулығыңыз –өзіңіздің қолыңызда. Әр адамның мәнді де сәнді өмір сүруі үшін денсаулықтың әсері ұшан-теңіз екеніносындай кездесулердің оқушылар өмірінде алатын орны ерекше. Сондықтан да өмірдегі ең жарқын жастық шақтарымызда дендеріміздің саулығына бүгіннен бастап қамқор болайық. Жастық шақтарымыздың тамырына анаша, арақ, темекі балта болып шабылмасын!
