


20 сәуір 2021 жылы «Жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу» айлығы барысында мектеп директоры: Н.Т. Мырзаханов ,мектеп медбикесі- А.К Мамедова, мектеп инспекторы: Б.Айжарыков, ДҚТЖО: А.Б .Онланбекова, Ойтал ауылдық округінің бас маманы: М.Қ. Сатековтың қатысуымен «Суицид және өмір» тақырыбында 10 «А», «Б» сынып білім алушыларымен мектеп психологтарының ұйымдастыруымен кездесу өткізілді. Мектеп инспекторы Б.Айжарықов бүгінгі таңда бүкіл әлемді елеңдетіп, қоғам дертіне айналып отырған жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы – дүние жүзіндегі ең өзекті мәселелердің бірі екендігін, жасөспірімдер арасында бопсалау, әлімжеттік көрсету фактілерінің алдын алу, кез келген жағдайда үнсіз қалмай үлкендердің көмегіне жүгіну қажеттігін ескертті. Мектеп психологтары «Психикалық денсаулық пен физикалық денсаулықтың маңыздылығы және оны қалай нығайтуға болатындығы», «ӨМІР АТТЫ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ШАРЫҚТАУЛАР МЕН ҚҰЛДЫРАУЛАР», өз сезімдерін ретей алу, қашан көмекке жүгіну керек, досыңа қалай көмектесу қажеттігі туралы ақпараттар беріп, әлеуметтік желілерде таныс емес адамдармен сөйлеспеу, буллинг, кибербуллингке жол бермеу тақырыптарында пікір алмасты және «Қиындықды қалай жеңуге болады?» тақырыбында видеоролик көрсетілді. Кездесу барысында мектеп директоры: Н.Т.Мырзаханов білім алушыларды қандай жағдай болса да ата-анасымен, сынып жетекшісімен, мектеп психологтарымен бөлісуді, кез –келген проблеманың шешімі бар екендігін, сабақтарын тек жақсы оқып, ата-аналарының үмітін ақтайтын адал , саналы ұрпақтардың қатарынан көрініңіздер деген тілек білдірді.