15
март
2024
«QН Жаздық жолдама - 2024»
Ұлы даланың басты құндылықтарының бірі – адамдардың бір-біріне жанашырлық танытып, өзара көмек көрсетуі қоғамды айрандай ұйытып, бір ел, бір халыққа біріктірген. Сол себепті «Қайырымдылық» күні қазіргі қазақ қоғамының басты құндылықтары болып отыр. Осы орайда Тұрар Рыскұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде 15 наурыз күні «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Наурыз мерекесі аясында «Қайырымдылық» күніне орай, балалардың жазғы демалысын камтамасыз ету мақсатында «QН Жаздық жолдама - 2024» қайырымдылық жобасы бойынша жолдама берілді. Жолдаманы салтанатты түрде тапсыру үшін «Ойтал» ауылдық округі әкімінің орынбасары- Қанат Боранбайұлы, «Ақсақалдар алқасы» төрағасы- А.Ибаков, «Ойтал» ауылдық округінің бас маманы- М.Қожамбердіұлы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Б.Абдуалиева 5-8 сынып оқушылары аралығындағы 10 оқушыға ыстық лебіздерін білдіріп, үлкен жетістіктер мен толағай табыстар тілеп, СЕРТИФИКАТ табыстады.









