01
сентябрь
2022
1 қыркүйек Білім күні мерекесі
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде 2022-2023 оқу жылында 1 қыркүйек Білім күні мерекесіне- 1044 оқушы қамтылды. Мектеп директоры Нұрдаулет Талантұлы Мырзаханов мектеп ұжымын, ата-аналарды, 1 сынып бүлдіршіндерін Білім күні мерекесіне арналған «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атты салтанатты жиында білім алушыларды құттықтап, ізгі тілек білдірді. Ал директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Ш.Лескенова орта білім беру ұйымдарында 2022-2023 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдер айқындау туралы бұйрықпен таныстырып, барша ұстаздарды құттықтады. Салтанатты жиынға аудандық білім бөлімінің әдіскері- С.А.Метеркулова, Ойтал ауылдық округінің Ақсақалдар алқасының төрағасы- Ә.Ибақов, округ әкімінің орынбасары- Қ.Шакибаев, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің арнайы мамандары- А.Әбдібай, Н.Жармұхамбет қатысып, 1 сынып оқушыларын Білім күні мерекесімен құттықтап, барлық білім алушыларға жылы лебіздерін білдірді. Государственные символы – елдіктің символы, тәуелсіздігіміздің маңызды белгісі. Сол себепті оны кеңінен қолдану, қадірлеу, оның мән-мазмұнын білу қазақстандық патриотизмді қалыптастыру жағынан алғанда да өте өзекті. Биылғы жылы Государственные символыге- 30 жыл толып отыр. Осы орайда өскелең ұрпақты еңбексүйгіштікке, отаншылдыққа тәрбиелеу, әр қазақстандықтың міндеті. Сонымен қатар өнерлі де дарынды бүлдіршіндеріміз Пернебай Бекарыс- «Қазақтай ел қайда», Жаңабай Нұрым- «Ұстазым», Рахметхан Асылбек пен Шілдебай Аружан- «Кел, балалар, оқылық!» атты әндерді тамылжыта орындады. Қоңырау соғу рәсімі мектебіміздің «Алтын» белгі үміткері Қарабай Нұрдаулет пен Сатыбалды Ақұлпаға және 1сынып білім алушылары- Нұртай Нұрасыл мен Тұрар Айдайға берілді. Салтанатты жиын соңында 1-11 сынып білім алушылары «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбындағы сынып сағаттарын өтті. Сынып сағаттарына мектеп директоры- Н.Мырзаханов, аудандық білім бөлімінің әдіскері- С.Метеркулова және келген қонақтар қатысып, білім алушыларға дән риза болды.













