17
июнь
2022
«Түлек 2022- Жаңа Қазақстанның ертеңі»
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде «Балалар жылына» арналған «Түлек 2022- Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты түлектердің мектеп бітіру салтанатты жиыны өтті. Жиынға аудандық білім бөлімінің әдіскері- Метеркулова Сауле Абдибаевна қатысып, бітіруші түлектерге жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар мектеп директоры- Н.Т.Мырзаханов 58 түлектердің қолдарына аттестат тапсырып, сәт-сапар тіледі. Биылғы оқу жылында 58 түлек мектеп табалдырығынан үлкен өмірге қадам басқалы отыр. Соның ішінде үздік аттестатқа-7 оқушы және «Алтын белгі» иегері, Елбасы Медалі Жобасының «Қола Медалі» иегері атанған мектебіміздің мақтанышына айналған 11 «А» сынып түлегі Махтабай Ұлдана марапатталды. Салтанатты жиында қолдарына аттестат алған түлектер білім нәрімен сусындатқан ұстаздары мен тәлім- тәрбие берген ата-аналарына, алтын ұя мектеппен қоштасу сәтінде жүрекжарды лебіздері мен ән-жырларын тарту етті. Түлектерімізге ақ жол сәт сапар тілейміз!













