25
май
2021
«Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны
Мектеп – мол қазынасы мөлдіреп жатқан, сол мөлдір әлемнен өзіне керек асыл мен жауһар секілді баға жетпес, «білім» деген байлықты алып, өміріңе нәр беретін алтын ұя. Жарқын шақтардың елесі қалар, ерке балалығыңның куәсі болар бірден-бір киелі мекен – мектептегі соңғы қоңырау салтанаты Меркі ауданының Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде биылғы жылы- 1054 оқушы мектепті аяқтады. Оның ішінде мектеп бітіруші-64 түлек аяқтап, олардың 6-ы «Лучший аттестаттан» үміткер болып отыр. «Соңғы қоңырау» салтанатты жиынына Ойтал ауылдық округінің әкімінің орынбасары- Шакибаев Қанат Боранбаевич, аудандық білім бөлімінің әдіскері- Метеркулова Сауле Абдибаевна және 2001 жылы мектебімізді тәмәмдаған 20 жылдық мектеп түлектері келді. Балдәурен балалық шақ пен қоштасып, болашаққа қанат қағатын бұл жыл - Қазақстанның тәуелсіздігінің 30 жылдығы. Сондықтан ең бір қымбат, ең бір қимас жыл ретінде мектеп директоры Нұрдаулет Талантұлы мен келген қонақтар мектеп түлектеріне жылы лебіздерін білдіріп, мектебіміздің үздік оқушыларына «Мадақтама» мен ата-аналарға «Алғыс хаттар» табыс етті. 11 сыныптың түлектері атынан «Білімнің алтын» кілтін және мектеп аманатын «Лучший аттестатқа үміткер» оқушыларымызды ортаға шақыра отырып, 11 «А» сынып оқушысы Ұланбасы, аудандық, облыстық пәндер олимпиадасының жүлдегері- Құралбай Аружан Нұрланқызы 10 «А» сыныбының үздік оқушысы «Елбасы медалі» жобасының Қола медалі иегері- Махтабай Ұлданаға тапсырады. Өнерлі де талапты жастарымыз Өтепбай Диас пен Сансызбай Әлібектің «Алға» әні, Жаңабай Нұрымның «Ұстазым», Құлмахамбет Зубарзаттың «Мектебім» ән көпшіліктің көңілінен шығып, мектеп түлектерінің жүрегінен орын алды. Соңғы қоңырау соғу салтанаты, республикалық, аудандық пәндер олимпидасының жүлдегері, көркем сөз оқу шебері -11 «Ә» сынып оқушысы Досжанұлы Қайсар мен оқу үздігі 11 «А» сынып оқушысы Қуанышбаева Айкерімге беріліп, мектептің түлектерін соңғы сынып сағатына шығарып салды. Биылғы жылы 1-8 сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау сынып сағаты ретінде өтіп, ата-аналар мен үздік оқушыларға мадақтамалар тапсырылды.

















