





2021 жылдың 20 сәуір күні Тұрар Рысқұлов атындағы #20 жоббм келесі 2021-2022 оқу жылында 1-сыныпқа келетін оқушыларды қабылдайтын 4-қазақ сынып мұғалімдері Бахтыбаева Р, Нурманова Э, Калабаева У, Таджи А мектепалды даярлық сынып оқушыларының 1-сыныпқа бейімделуін анықтау бойынша жұмыстар жүргізді. Мектеп психологтары сауалнама алып,оқушылардың психологиялық дайындығын анықтады. Мектепалды даярлық сынып оқушыларының тәрбиесі тек мектептің ғана емес,ата-ананың да міндеті. Биылғы жылы мектепалды даярлық сынып оқушылары 3 тоқсан бойы қашықтықтан оқығандықтан,мектепте емес ата-анасының қасында көбірек болды.Егер ата-ана мұғаліммен, мектеппен бірлесіп жұмыс жасайтын болса, 1-сыныпқа қабылданатын бала өтілген тақырыптарды жетік меңгере алады. Преподаватели оқушыларға математика пәнінен 10 ға дейінгі сандарды тура және кері санатып,тақтаға жаздырды, әріптерді сурет арқылы сұрап,тақтаға жаздырды. Суреттер бойынша әңгіме құрастырды.