29
январь
2021
Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту жолдары
Жамбылская область, Меркі ауданы «Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы білім беретін мектебі» отдела образования Кордайского района
«Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту жолдары» тақырыбындағы республикалық онлайн семинарға қатысып, мектептегі халыққаралық зерттеулер туралы атқарылып жатқан іс- шараларымен бөлісті.
«PISA,TIMSS халықаралық зерттеуі барлық білім беру ұйымдарындағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстану бағытындағы пәндерден білім жетістіктерін анықтауды мақсат етеді. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ал оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған.
Көптеген елдерде жасөспірімдер 15 жаста негізгі білім беру сатысын аяқтап, ересек өмірге дайындалады, осыған сәйкес зерттеудің негізгі міндеті он бес жастағы оқушылардың өз беттерінше өмір сүрулеріне қажет білім, білік, дағдыларын анықтау болып табылады.
PISA,TIMSS халықаралық зерттеуінің негізгі міндеті – білім беру саласындағы әлемдік басымдықтарды сипаттайтын зерттеу құралдарының негізінде объективті өлшеулер арқылы алынған айқын нәтижелерді талдау болып табылады» деп өз баяндамасында атап өтті.

