12
февраль
2019
Ыстық тамақпен қамтудың жарты жылдық есебі
Тұрар Рысқұлов атындағы№20 жалпы білім беретін мектебі
Мектептегі 2018-2019 оқу жылындағы қамқорлыққа алынған, жетім, жартылай жетім, жағдайы төмен отбасынан келетін оқушылардың, ыстық тамақпен қамтудың жарты жылдық есебі
[center][/center]
Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру - олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабаққа үлгеру қабілетін арттырады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығына сәйкес «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтануды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінде осы айтылған дәйектерді басшылыққа ала отырып, 2018-2019 оқу жылының басында оқушыларға сапалы теңгерімді ыстық тамақпен қамту ұйымдастырылды. Жалпыға бірдей міндетті білім қорынан мектептегі жағдайы төмен, көпбалалы отбасынан шыққан және жетім, жартылай жетім оқушылар қамтылды. Аз қамтылған отбасы саны - 56, ондағы жалпы мектеп жасындағы балалар саны – 147 Ыстық тамақпен қамтылған жетім балалар саны - 1. Қамқорлыққа алынған бала саны- 9. Қыркүйек айында – 101 оқушы, қазан айында – 115 оқушы, қараша айында – 133 оқушы, желтоқсан айында – 147 оқушы ыстық тамақпен қамтылды. Ыстық тамақ есебі ай сайын АББ-не өткізіліп тұрды.
Мектеп басшысының 07.09.2018 жылғы №100 бұйрығы негізінде құрылған құрамында 7 мүшесі бар тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мектеп асханасында балалардың ыстық тамақпен қамтылуын апта сайын қадағалап тексеруде. Тексеру барысында біріншіден асхананың санитарлық жағдайы, екіншіден тамақтану кезінде оқушылардың санитарлық –гигиеналық тазалық талаптарының сақталуы, ас мәзірінің дұрыс әзірленуі, сақталуы, ас әзірлейтін азық-түліктің, дайындап әзірленген астың сапасы, үшіншіден асхана жұмысшыларының тазалығының, денсаулығының санитарлық талаптарға сай екендігі тексеріліп, анықталды. Комиссия мүшелері тексеру нәтижелерін арнайы журналға жазып, қолдарын қойып мөрмен бекітеді. Тексеру барысында ата-аналар комитетінің мүшелері де қатысып отырады. Сонымен қатар қыркүйек айының басында медбикелер тарапынан мектепте білім алушылар арасынан «Д» тобында есепте тұрған балалар тізімі анықталып,олар оқу жылы бойы сабаққа түрлі себептермен келе алмай қалған білім алушылардың орнын алмастырып отыратынын, сабаққа келмей қалған білім алушылар сынып жетекшілерінің көмегімен күн сайын алғашқы сабақтарда анықталып, оларды «Д» тобындағы білім алушылармен алмастыру жұмысы өз тарапынан жүргізіліп, мектеп медбикелері тарапынан қадағаланып отырады.
№ Мазмұны Саны
1 Мектеп бойынша жалпы бала саны 1029
2 Мектеп бойынша ыстық тамақпен тамақтанатын оқушылардың жалпы саны 1020 – 99 %
3 Тегін тамақтанатын оқушылар саны 147
4 Жалпы бастауыш сынып оқушылары 439
5 Жағдайы төмен отбасынан шыққан бастауыш сынып оқушылары 60
6 Жалпы 5-11 сынып оқушылары 495
7 Жағдайы төмен отбасынан шыққан 5-11сынып оқушылары 87
Мектеп бойынша ыстық тамақпен оқушылардың 100 %-ы , буфет өнімімен 35 %-ы қамтылған. Мектеп асханасы ыдыспен, қажетті құрылғылармен жабдықталған. Мектепте сонымен қатар оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуге байланысты құжаттар : мектеп әкімшілігінің асханада кезекшілік ету кестесі, тамақтануды ұйымдастыру жоспары, мектепте ыстық тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру туралы бұйрық пен бракеражды комиссия құрамы бекітілген . Мектеп директоры бекіткен тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылар тізімі, СЭҚ бекіткен ас мәзірі және бракеражды комиссия журналы бар. Школьникам асханада қайнатылған су қойылып, қол жууға жағдай жасалған. Мектеп медбикесі оқушылардың денсаулық жағдайы мен дұрыс тамақтануын қадағалап отырады. Қыркүйек айынан бастап комиссия мүшелері қазіргі күнге дейін ата – анадан түскен өтініштерді қабылдап, жинақтаған құжаттарды рәсімдеуде.
Ұсыныс:
1. Тізімде көрсетілген білім алушылар аталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сай мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен қамтылсын.
2. Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Утегенова Клара Ильясқызының тарапынан қадағалансын.