Ағымдағы жылдың 22 сәуір күні Тұрар Рысқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 5-7 сынып білім алушылары арасында "Қылмыс және жаза" тақырыбында мектептің мобильдік топ мүшелерінің қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында мектеп инспекторы Б.Б. Айжарықов оқушылар арасында бопсалау, ақша жинау, әлімжеттік көрсету жағдайларының алдын алу бойынша, ДҚТЖО А.Б. Онланбекова келеңсіз оқиғалар орын алған жағдайда дер кезінде мектеп инспекторына,мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшілерге хабар беру керектігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. ДҚТЖО: А.Б. Онланбекова