«Жыр құлагері» IQ-game ойын өткізілді
Қазақтың дүлдүл ақыны, «поэзия Құлагері» Ілияс Жансүгіровтың туғанына биыл - 130 жыл. Осыған орай «Балалар кітапханасы» жобасы аясында Тұрар Рысқұлов атындағы № 20 ЖОББМ кітапханасында 7-8 сынып оқушылар арасында «Жыр құлагері» IQ-game ойын өткізілді. Оқырмандар ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға интерактивті түрде жауап берді. Мақсаты: І.Жансүгіровтың өмір жолдарымен таныстыру, шығармалар арқылы халқын сүюге, туған жерін қадірлей білуге, адал, шыншыл болуға тәрбиелеу.