25
январь
2024
«Жол ережесінің қауіпсіздігі, теміржолдағы қауіпті аймақ»
Білім алушылардың жол-көлік жарақаттанудың алдын алу туралы білімдерін кеңейтіп, балалар арасында қауіпсіз жүріс-тұрыс негіздерін және жол ережелерін кеңінен насихаттау мақсатында ағымдағы жылдың 25 қаңтар күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде «Жол ережесінің қауіпсіздігі, теміржолдағы қауіпті аймақ» тақырыбында Мерке ст.ЖПб-нің бастығы полиция капитаны Н.Қойшыбеков, полиция старшинасы- М.Нұрмаханбетов және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Б.Абдуалиева білім алушылармен кездесу ұйымдастырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.







