Ата -аналар жиналысы
2023 жылдың 19 маусым күні 11 сынып білім алушыларының ата -аналарына жиналыс өткізілді. Жиналыстың күн тәртібінде 21 маусым күні өтетін аттестат алуға арналған іс-шарадан кейін балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне, заңды өкілсіз бейберекет жүрмеуіне, автокөлікпен шеру жасамауға, интернет клубтарға қатынауларына, тойханалар мен демалыс орындарында ата-анасыз жүрмеуіне, жолда жүру қауіпсіздігіне, зиянды заттарды (темекі, алкаголь, т.б.) пайдалануына қатысты мәселелер талқыланды.