1-11 сынып ата-аналарына жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1-11 сынып ата-аналарына жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды
22
декабрь
2023

1-11 сынып ата-аналарына жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды

  Ағымдағы жылдың 22 желтоқсан күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі, білім беру ұйымдарында жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бағытында барлық қызметкерлермен жиналыс өткізу туралы 2023 жылдың 21 желтоқсан күнгі №1819 хаттың негізін басшылыққа ала отырып, 1-11 сынып ата-аналарына жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Барлық сынып жетекшілер ата-аналарды аудандық хатпен таныстыра отырып, «Жаңа жыл» мерекелік іс-шаралар өткізу барысында заңсыз қаржы жинауға (безендіруге, жаңа жылдық киім алуға), сыйлық жасауға, дастархан жасауға, ТЫЙЫМ САЛЫНАТЫНДЫҒЫН ҚАТАҢ ЕСКЕРТТІ. Заң алдында акшалай не заттай сыйлықты беріп жатқан да, оны алған тұлға да жауапты екендігін түгел педагогтарға, ұжымға таныстырды. Мерекелік жаңа жыл іс-шараларына дайындық барысында әрбір білім алушыларға және ата-аналар қауымына жеке көзқарас қағидаларын және балалардың қауіпсіздігі мен амандығын сақтау керектігі айтылып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жаңа жыл мерекесін сән-салтанатты өткізуге, салтанатты дастархан ұйымдастыруға, әкімшілік және педагогикалық қызметкерлерге сыйлықтарға ақшалай қаражат жинауға жол берілмейтіндігі туралы түсіндірді. Жаңа жыл мерекесін мейрамханаларда, кафелерде және басқа да көңіл көтеретін орындарда өткізуге тыйым салынатындығы ескертілді. Қауіпсіздік нұсқаулықты басшылыққа ала отырып оқушылардың денсаулығына қауіпті жағдайлар мен олардың алдын алу мақсатында оқушылардың жолда жүру және мұз үстінде жүру қауіпсіздігі бойынша мектеп әкімшілігі арнайы бұйрық шығарып, ата-аналарға таныстыру хаты жолданып, ескерту жасалынды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив