29
ноябрь
2025
"Цифрлық дәуірде мұғалімдердің кәсіби құзіреттерін тұрақты және жүйелі түрде дамыту мәселелері" атты ХҮ республикалық конференция
2025 жылдың 29 қарашасында "Цифрлық дәуірде мұғалімдердің кәсіби құзіреттерін тұрақты және жүйелі түрде дамыту мәселелері" атты ХҮ республикалық конференцияда мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бейсебаева Фарида "Қазақ әдебиеті сабағында құндылықтарға негізделген білім беру жолдары" тақырыбында өз істәжірибесін республика көлемінде таратты. Нәтижесінде жұмыс тәжірибесін таратқандығы туралы арнайы Сертификат иеленді.