21
февраль
2024
«СабақTime» жобасы бойынша офлайн режимінде ашық сабақтар циклы өтті
Жамбыл облыстық оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 15 ақпанда қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда педагогтердің практикалық және пәндік құзіреттіліктерін арттыру мақсатында «СабақTime» жобасы бойынша офлайн режимінде ашық сабақтар циклы өтті. Осыған орай, аталған іс-шараға мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бейсебаева Фарида Илесбековна Тараз қаласындағы Төле би атындағы №8 мектеп-гимназиясының 11 «Ә» сыныбында қазақ тілінен «Зияткерлік миграция. Шешендік сөздердің мазмұнына қарай жіктелуі» тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі сабағында оқытудың озық-әдіс тәсілдерін тиімді пайдаланып, балалардың сөйлеу тілін дамытуға арналған тапсырмаларды орындатты. Сабақта «Кейс стади», «Буриме», «Хат жазу» әдістерін алып, «Filipetti» платформасын тиімді қолданды. Балалардың тыңдалым мен айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамытуда топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлерін кәсіби тұрғыдан дұрыс ұйымдастырып, өз тәжірибесін жоғары дәрежеде көрсете білді. Педагогтердің практикалық және пәндік құзіреттіліктерін арттыру мақсатында «СабақTime» жобасы бойынша ұйымдастырылған іс-шара соңында Бейсебаева Фарида Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының СЕРТИФИКАТЫН иемденді.





