04
январь
2024
Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің ІІІ отырысы болып өтті.
Мектебімізде 2024 жылдың 04 қаңтар күні қазақ тілі, тарих, орыс тілі, ағылшын тілі қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер аясында «Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ге дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Амреева А., Мамыткеримова Э. пән мұғалімдері арасында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел өткізу мақсаты-білім алушыларды қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындаудың тиімді тәсілдерін талқылау. Дөңгелек үстелде пән мғалімдері топпен бірлесе жұмыс істей отырып, білім алушыларды қорытынды аттестаттау мен ҰБТ бойынша дайындық жұмыстарының барысы мен жылдар бойы қол жеткізілген табысты жұмыстардың озық үлгілерін ұсынды.Сондай-ақ мектеп бітірушілердің ҰБТ және қорытынды аттестаттауға дайындығы мен оқыту сапасының деңгейін арттыру бойынша кешенді іс-қимыл жоспарына сәйкес дайындық шаралары өткізіліп жатқандығын ортаға салды.Орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәні мұғалімдері Зеткулова Ж., Бөкенбаев Ж. «Білім сапасын көтерудегі ББЖМ-нің үлесі» тақырыбында коуч-сабақ өткізді. «Ертеңгі бәсекеге қабілетті тұлға – бүгінгі партада отырған оқушылар. Олар – еліміздің ертеңі, дамыған елдермен иық тіресіп, тереземізді тең ұстап, әлемдік бәсекеде үкілі үмітімізді ақтайтын ұрпақ» деген ұранды басшылыққа алған ұстаздар сапалы білім беру мәселесін қозғады. Сол ұрпаққа сапалы білім беру – әрбір ұстаздың парызы. Ал, білім беру жүйесі – қай кезеңде болмасын қызығы мен қиындығы мол күрделі сала. Коуч-сабақта оқушыларға жүйелі білім беріп, білікті азамат етіп шығару ұстаздар тарапынан үлкен ізденіс пен қажырлылықты талап ететіндігі қамтылып, ой қозғалды. Балаларды оқыту және тәрбиелеу сапасын арттыруда мұғалімдердің педагогикалық шеберлігінің, кәсіби құзыреттілігінің өсуі ерекше рөл атқаратынына коуч-сабақтың берері мол болды.

