04
январь
2024
«Білім алушыларды аттестаттауға және ҰБТ-ге дайындаудың тиімді жолдары»
Ағымдағы жылдың 4 қаңтар күні «Білім алушыларды аттестаттауға және ҰБТ-ге дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында мектеп директоры Мырзаханов Н.Т.«Білім алушылардың болашақ өмір үшін өз көзқарастарын тұжырымдауға,логикалық түрде ұсынуға және дәлелді түрде дәлелдеуге үйренетіндігін» айтып өтті. Сонымен қатар биология пәнінің мұғалімі Рысбекова Қ.М.«Оқушыларды биология пәні бойынша ҰБТ-ге дайындау жолдары» тақырыбында баяндама жасады. Онда ҰБТ-ның мақсаты: жоғары білім алуға барлық бітірушілердің тең дәрежеде қол жеткізуі, білім берудің сыртқы тәуелсіз бағалау жүйесін құру айтылды. Сондай-ақ оқушыларда ҰБТ-ға дайындық барысында туындайтын қиындықтар,оны шешу жолдары,уақыттың аздығы,ақпараттың көптігі,жаттанды білім,есте сақтаудың төмендігі күрделі тапсырмаларды игеруде,орындауда қиындықтың туындауы,т.б. мәселелер қарастырылды.
Дөңгелек үстел жүргізушісі ӘБ жетекшісі Джылдамбаева С.Ж.


Дөңгелек үстел жүргізушісі ӘБ жетекшісі Джылдамбаева С.Ж.


