Ағымдағы жылдың 2 қыркүйек күні 1-11 сыныптар арасында Туған жерін, Отанын сүюге, егеменді еліміздің рәміздерін құрметтеуге, туған еліміздің өткен тарихын ұмытпай, елімізді бабаларымыз сияқты қорғай білуге, ата-бабадан дәстүр боп келе жатқан өнеге-салтымызды, ана тілімізді сүйіп, оны сақтай білуге тәрбиелеу мақсатында мектебімізде бірыңғай «Менің Отаным-Қазақстан» атты сынып сағаттары өтті. Сабақ Мемлекеттік Әнұраннан басталды. Сынып жетекшілер оқушылармен әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, құндылықтарға назар аударды. Оқушылар сынып сағатына белсене қатысып, Отанымыз Қазақстан туралы көптеген мәліметтермен танысты. Сабақтың келесі бөлімінде қауіпсіздік ережесі туралы сұрақ - жауап бөліміне тоқталып, «Жолда жүру ережесі» туралы видеороликтер көрсетіліп, Меркі АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты, мектеп инспекторы-Сыдықбеков Нұрым Ерланұлы оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.