02
март
2023
"Жолда жүру ережелері" тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Ағымдағы жылдың 2 наурыз күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде 1-11 сынып білім алушылары арасында жолда жүру ережесі бойынша түсініктерін пысықтап, жол қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау керектігі туралы білу мақсатында "Жолда жүру ережелері" тақырыбында сынып сағаттары өтті. Мұнда білім алушылар жол ережесі туралы, жол белгілері туралы білімдерін шыңдап, берілген тапсырмалар бойынша топ болып постер қорғады. Сынып сағатының соңында мұғалім оқушыларға алдағы жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін ескертті. Сонымен қатар темір жол бекетіндегі жолдан өту кезіндегі белгілер мен сигналдар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.









