06
июнь
2022
«Жолда жүру ережесін білейік!» атты балалармен ойын сабағын өткізді.
2022 жылдың 6 маусымында лагерь тәрбиеленушілері арасында «Құлыншақ» тобының жетекшісі жол қауіпсіздігін сақтауға байланысты «Жолда жүру ережесін білейік!» атты балалармен ойын сабағын өткізді.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, оны іс жүзінде асыра білуге үйрету. Тәртіптілікке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушыларға жолда жүру ережелері туралы ақпарат беріліп, осы тақырып бойынша түрлі сұрақтар қойып, оқушылардың білімдерін тексерді. Оқушыларды қызыл, сары, жасыл түстермен 3 топқа бөліп, ойындар, топтық жұмыстар ұйымдастырды. Сабақтың барысында алған білімдерін шыңдау мақсатында, тәрбиеші «Сен білесің бе?» айдарында жол белгілерін естеріне түсірді. Сабақ мақсатына жетті.
Лагерь тәрбиеленушілерінің шығармашылығынан жолда жүру ережесіне байланысты көрме ұйымдастырылды. Көрмені ұйымдастырудағы мақсат -оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге үйрету; - жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру, қызығушылығын дамыту; - жолда жүру мәдениетіне, жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке, өзара достыққа тәрбиелеу.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/p/CeeM23fMFQz/?utm_source=ig_web_copy_link