11
март
2025
Ата-аналарға арналған тренинг: эмоциялық күйреудің алдын алу жолдары

Ағымдағы жылдың 11 наурыз күні мектеп психологтары Білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық қолдау сабақтары бойынша 10-11 сынып білім алушылардың ата-аналарымен отбасында эмоционалдық тепе-теңдік пен өзара түсіністік орнату үшін балаға сүйіспеншілік таныту қабілетін дамыту мақсатында «Ата-аналардың эмоциялық күйреуі:оны қалай болдырмауға және жеңуге болады?» тақырыбында тренинг-сабақ өткізді. Тренинг-сабақ барысында эмоциялық күйреу дегеніміз не, оның белгілері мен себептеріне тоқталып, ата-аналардың күйреуінің балаларына әсері туралы талқыланды. Сонымен қатар эмоциялық күйреуді болдырмау оны жеңу жолдары туралы кеңестер берілді.