10
февраль
2022
«Мен өмірді сүйемін» тақырыбында тренинг сабақ өткізілді.
«Ақпан айы-жалпы білім беру ұйымдарында психологиялық кеңес беру» айлығы барысында мектеп психологтары:Н.З.Исаева мен А.Т.Назаралиева 10 «А» сынып білім алушыларымен көңіл күйлерін көтеру, сынып ішінде психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру, өзара сенімділікті нығайту, қарым-қатынасты реттеу мақсатында «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында тренинг сабақ өткізді. Тренинг барысында «Менің кемшіліктерім мен ерекшеліктерім», «Кедергілерден өту», «Сағат бойынша достар», «Алфавит» атты нейролингвистикалық бағдарлау (НЛП) жаттығулары жүргізілді. Видеобейне: https://www.instagram.com/tv/CZy10pSA0TB/?utm_source=ig_web_copy_link
