07
февраль
2025
Теміржол бойындағы қауіпсіздік мәселесі бойынша ата-аналар жиналысы



7.02.2025 жылы Меркі теміржол станциясында теміржол бойында қауіпсіздікті сақтау және заң бұзушылықтарды болдырмау, теміржол бойында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың мақсаты теміржол бойында қауіпсіздікті сақтау және заң бұзушылықтарды болдырмау. Осы жылы көпір құрылысы басталатынындығы хабарланып, құрылыс басталғанға дейін ата-аналарға балаларды мектепке өздері алып келу, алып кету жауапкершілігі жүктелді.
Ата-аналарға пойыз жолдарын кесіп өтудің қауіпті екені ескертіліп, пойыз тоқтаған соң оның кетуін күту керек екендігі айтылды.
Жиналыстар әр сыныптарда да жеке жеке өткізіліп, тиісті жаднамалар таратылды.