08
апрель
2021
"Интернетке тәуелділік-өзекті мәселе тақырыбында " ата-аналар жиналысы
7.04.2021 ж. Меркі ауданы білім бөлімі Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2021 жыл 4 сәуірдегі № 03-1716 хаты негізінде мектеп психологтарының ұйымдастыруымен "Интернетке тәуелділік-өзекті мәселе тақырыбында " ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың күн тәртібінде: "Ата-аналардың бақылау жүйесі SMART - қосымшасын таныстыру", Интернет ойынына тәуелділік қайдан шығады? тақырыптары талқыланып, мәлімет берілді. Қазіргі таңда ата-аналардың балаларының ғаламтордағы қауіпсіздігін сақтау мақсатында бірыңғай тарифпен балаларды жағымсыз интернет-контентке қол жеткізуден қорғау бойынша балалардың СИМ карталарына енгізу жұмыстары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар , жасөспірімдер арасында интернетке тәуелділік, әсіресе сананы улайтын дұрыс емес ақпараттар, құмар ойындарға тәуелділік көбеюде екендігін айтып, құмар ойынға тәуелділіктің әсерінен балалардың бойында қатігездену, шектен тыс әсерлену, психоапатия, жат әрекеттерге бейім ділік, аутодеструктивті мінез-құлықтың белгілері пайда болып, түрлі келеңсіз оқиғаларға алып келетіндігін ескертті. Жасөспірімдердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін БҮКІЛӘЛЕМДІК ҒАЛАМТОРДЫҢ ЖАҒЫМСЫЗ ӘСЕРІНЕН ҚАЛАЙ ҚҰТҚАРУҒА БОЛАДЫ тақырыбында 7 ережемен таныстырды. Мектеп психологтары Исаева Набира Зинаддиновна, Назаралиева Айгерим Талгатовна


