06
апрель
2021
ҚР 2020-2022 жылдарға арналған құқық бұзушылықтың алдын алу кешенді жоспарының орындалуы туралы» іс-шара
Ағымдағы жылдың 6 сәуір күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде директордың тәрбие орынбасарлары Абдуалиева Бекзат Макеновна, Оңланбекова Асель Бейсенқызының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің «Қазақстан Республикасындағы 2020-2022 жылдарға арналған құқық бұзушылықтың алдын алу кешенді жоспарының орындалуы туралы» іс-шара жоспарына сәйкес, Жамбыл облысы полиция департаментінің нұсқау хатына сәйкес, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021 жылдың 25 наурыздағы №70 хатының негізінде «Назар аудар бағдаршам!» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Меркі аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі, АПБЖПҚБ- ның учаскелік полиция инспекторы- Халықов Білімжан Маликұлын, мектеп инспекторы- Айжарықов Бақытжан Бейсенұлы шақырылды. Бүгінде адамзат өмірінің маңызды бөлшегіне айналған көліктердің жолда оқыс оқиғаларға тап болмауы үшін жол жүру ережелері ойлап табылған. Бұл тәртіпке жүргізуші мен жаяу жүргінші де бағынуы тиіс. Алайда жолда тиісті ережелердің сақталмауынан оқыс оқиғалар, жол апаттары жиі орын алады. Жол-көлік оқиғаларына байланыс¬ты түрлі жазатайым жағдайлардың орын алуына тек көлік тізгіндеген азаматтар ғана емес, жаяу жүргіншілер де себепші болып жатады. Өйткені құқық қорғау қызметкерлерінің айтуын¬ша, тұрғындардың басым бөлігі белгіленген жолақтан өтпей, жолды кез келген жерден кесіп өтетін көрінеді. Белгіленген ережені сақтамау, әсіресе мектеп жасындағы балаларға өте қауіпті. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шыға келетіні салдарынан бұзылады. Сол себепті мектебіміздің оқушыларына келген жол полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мектебіміздің жол қозғалысы жас инспекторлары (жас полиция көмекшілері) 1 сынып оқушыларына жол белгілері, жол қозғалысы ережелерін, көшеде өздерін дұрыс ұстау, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі жайында ақпарат берді. Жаяу жүргіншілер көп шоғырланған жерлерде жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында сұхбат өткізіп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізді. Сонымен қатар мектеп оқушылары мен ересектерге тас жолда көрсетілген «Жаяу жүргінші» белгісінен өту керектігі жайында ескертілді. Оқушылар шараға қатысушы мамандарға өздерін толғандырған сауалдарын қойып, оларға тұжырымды жауап алды. Балалар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, оларды жол жарақаттарынан сақтау үшін, алдымен, көшеде жүру ережелерін, жолда жүру тәртібін үйретуіміз керек.
ДТЖО: Абдуалиева Б.М.









ДТЖО: Абдуалиева Б.М.








