02
апрель
2021
Марапаттарыңыз құтты болсын!
Ағымдағы жылдың 1 сәуір күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жоббм 10 «А» сынып оқушысы Махтабай Ұлдана аудан әкімі Руслан Нұрсипатовтың қабылдауында болып, Жамбыл облысы бойынша «Елбасы медалі» бағдарламасынына қатысып «Қола медаль» деңгейі бойынша «Елбасы медалі» иегері атанды. Сонымен қатар аудан әкімі Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосатын, жарқын болашағымыздың кепілі-жастар екенін айтып, осындай ұл-қыз тәрбиелеп отырған ата-аналарға алғыс білдірді. Махтабай Ұлдана-өте дарынды, болашағы жарқын үздік оқушы, болашақта Елбасының «Алтын медаль» деңгейінің үміткері- мектебіміз бен ата-анасының мақтанышы.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Абдуалиева Б.М.


