10
январь
2024
«Құқық бұзушылықтын алдын алу және қауіпсіздікті сақтау»
Ағымдағы жылдың 10 қаңтар күні мектеп инспекторы Мұхтар Талшын Қанатқызы жоспарға сәйкес «Құқық бұзушылықтын алдын алу және қауіпсіздікті сақтау» тақырыбында бастауыш сынып білім алушыларымен кездесу өтті. Мектепкетбаратын және мектептен қайтатын жол ұзақ болған сайын оқушыларды көп қауіптер күтуі мүмкін. Сол себепті білім алушылар жарақаттанудың, жазатайым оқиғалардың, сырқаттанудың алдын алу үшін, денсаулықтарын сақтау және нығайту үшін жалпы білім беретін ұйымның жарғысын, қауіпсіздік техникаларының талаптарын, өрт қауіпсіздігін, жүріс-тұрыс ережелерін, жеке және оқу гигиенасын қатаң сақтауы; қарапайым қауіпсіздікті сақтауы тиіс. Мектеп шекарасында, мектеп ғимаратында жүргенде, әртүрлі сабақтарда және іс-шараларда, үйден мектепке баратын және кері қайтатын кезде оның денсаулығына және өміріне қауіп төндіруі мүмкін зиянды факторлардың алдын алу жолдары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.

