27
сентябрь
2023
Синтетикалық есірткілер және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша анықтау жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесу өткізілді
27 қыркүйек күні ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЯЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МЕРКІ АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ 23.09.2023 жылғы № 5433 хаты негізінде 8-11 сынып білім алушыларымен Меркі АПБ ЖПҚБ УПИ полиция капитаны Солтанаев Болат Узбекович және АПБ ЖПҚБ УПИ полияция лейтенанты Абдықасым Дамир Нуркенович және мектеп инспекторы Мұхтар Талшын Қанатқызы , ДҚТЖО А.Онланбекова және мектеп психологы А. Назаралиеваның қатысуымен синтетикалық есірткілер және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша анықтау жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесу өткізілді. Кездесуде заманауыи синтетикалық есірткілерді қолданудың проблемалары мен салдары туралы түсіндіру жұмысын жүргізді. Синтетикалық есірткі-бұл жасанды түрде алынған психоактивті заттар, күшті тәуелділікті тудырады, физикалық және психикалық денсаулығына айтарлықтай әсер ететіні туралы айтылды. Видео ролик көрсетіліп , талқылау жүргізілді. Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, үй шаруасына көмектесу, сабақ оқуға көбірек уақыт бөлу, спортпен айналысу т.б. ұсыныстар берілді.
