25
сентябрь
2023
«Ұл-ұлт қорғаны» тақырыбында мектепішілік ұлдар жиналысы өткізілді.
25 қыркүйек күні мектеп директоры Н.Т.Мырзаханов, ДҚТЖО А.Оңланбекова, АӘД жетекшісі Н.Байбульдеков, мектеп психологы А.Назаралиеваның қатысуымен 8-11 сынып ұлдарымен «Ұл-ұлт қорғаны» тақырыбында мектепішілік ұлдар жиналысы өткізілді. Жиналыстың күн тәртібінде: Түнгі уақытта көше, кафе, тойхана, ойын-сауық орындарда жүрмеу, зиянды заттарға тәуелділік, оның ішінде электронды темекі, синтетикалық есіркілердің алдын алу, көшеде электронды самокат айдамау, ұрлық және жасөспірімдер арасында орын алып жатқан құқық бұзушылық фактілері, ақша бопсалау, бағалы заттарды тартып алу, зорлық-зомбылықтың белгілері, досыма қалай көмектесемін, мектептегі «Komek Stop Bullying» ақпараттық жүйесінің енгізілгенін және QR код арқылы проблемаларымен бөлісу қажеттілігі, мектеп формасын сақтап, ммектептің ішкі тәртіп ережесіне бағыну, тыйым салынған заттар тізбесі туралы ескертіліп, пікір алмасу жүргізілді.
