04
февраль
2025
«Дінмұхамед Қонаев ұлтын сүйген тұлға»

2025 жылдың 14 қаңтар күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 12 қаңтар туған күніне орай «Дінмұхамед Қонаев ұлтын сүйген тұлға» тақырыбында 9-11 сыныптар арасында біріңғай ашық сабақтар өткізілді.
Ашық сабақтар топтамасында оқушыларға көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмір жолы мен қызметі, ел дамуына қосқан үлесі туралы мәліметтер берілді. Сабақтардың мақсаты ұлт мүддесін жоғары қойған тұлғаның өнегесін таныту арқылы оқушылардың бойында патриотизм, тарихи сана және ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін қалыптастыру. Сабақтарда Қонаевтың тарихи рөлі талданып, оқушылардың шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға жағдай жасалды. Сонымен қатар тарихи деректер, құжаттар, бейнематериалдар, талдау сұрақтары мен топтық тапсырмалар жүргізілді.