Тау тұлғалы Тұрар » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тау тұлғалы Тұрар
16
январь
2025

Тау тұлғалы Тұрар

Тау тұлғалы Тұрар




Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде 5-11 сынып білім алушыларымен ағымдағы жылдың 15 қаңтар күні «Тау тұлғалы Тұрар» атты адалдық сағаты өтті. Мақсаты: Білім алушыларға ХХ ғасырдағы қазақтың саяси, қоғамдық қайраткерлерінің бірі, ұлт мақтанышы Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызметі туралы толыққанды мағлұмат беру. Тарихи тұлғалардың ел мүддесін қорғау жолындағы қажырлы еңбегін түсіндіре отырып, оқушылардың азаматтық ұстанымын және ұлттық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыру. Жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді күшейту, елін сүйетін, тарихын білетін ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосу.

5-11 сынып жетекшілері білім алушыларға Тұрар Рысқұловтың 1894 жылы 26 желтоқсанда қазіргі Алматы облысының Шығыс Талғар ауданында дүниеге келгенін. Жастайынан қиындыққа тап болған Тұрар білімге деген ұмтылысы мен ұлтжандылығы арқылы өмір жолында үлкен жетістіктерге жеткені туралы бейнефильмді көрсетті. Оның қоғамдық қызметі ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының саяси және әлеуметтік дамуының күрделі кезеңімен тұспа-тұс келгенін, 1921-1922 жылдардағы ашаршылық кезінде Рысқұловтың халықты қорғау мақсатындағы батыл шешімдері мен ұйымдастырушылық қабілеті ерекше көрініс таба білгенін, бұл кезеңде мұғалім Рысқұловтың қазақ халқының мүддесін қорғауда қандай істер атқарғанын түсіндіріп, оның саяси және экономикалық реформаларының тарихи маңызын айтты.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив