24
февраль
2023
"Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына" орай тәрбие сағаттары өтті.
Шығыс пен Батыстың кіндігі болған Мысыр елінің гүлденуіне, мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілуіне ғалымдардың қосқан үлесін түсіндіру; Сұлтан Бейбарыстың ерлігін, батылдығын, табандылығын, қайсарлығын үлгі ету, халықтық дәстүрді, әдет - ғұрыпты, тарихты қадірлеуге тәрбиелеу, ұлтжандылық, патриоттық сезімдерге баулу мақсатында Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде ағысдағы жылдың 20-24 ақпан аралығында 1-11сынып білім алушыларымен "Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына" орай тәрбие сағаттары өтті. Онда білім алушылар Сұлтан Бейбарыс туралы ақпараттармен танысып, алған білімдерін жинақтау жұмыстары арқылы бекітті. Сұлтан Бейбарыстың құлдықтан әмірлікке дейінгі көтерілген қажырлы еңбегі, мақсат жолындағы табандылығы білім алушыларға үлгі етілді.
