15
сентябрь
2022
«Елі сүйген ер тұлға» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Бүгін, мектебімізде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері,жазушы, ғалым, жерлес атамыз Асанбай Асқаровтың 100 жылдық мерейтойына орай «Елі сүйген ер тұлға» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Осы орайда сынып жетекшілер Асанбай Асқаров 1922 жылы 15 қыркүйекте Тәтті ауылында дүниеге келген. Әкесі Асқар, Асанбайдың 8 жасында қайтыс болған. Мектепті бітірген соң, Фрунзедегі 1939 жылы бітіріп, мектепте орыс тілі пәнінің мұғалімі болған. 1942-1946 жылдары әскери міндетін атқарды. Полк мектебінде саяси училищеде оқыған. Полковник. Әскерден оралған соң, Меркідегі аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Жамбыл облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Жамбыл облыстық компартиясының бюро мүшесі болғандығы туралы оқушыларға мағлұматтар беріп өтті. Сонымен қатар Ойтал ауылдық округінің ауыл ақсақалдары- Бидайбаев Ж, Ибақов Ә, Нуралбеков Р кездесуге шақырып, « Туған жердің асылы» тақырыбында жоғары сынып оқушыларына Асанбай Асқаров атамыздың өмір жолы мен еңбегі туралы, тәрбиелік мәні бар мағлұматтар, өсиеттер айтылды.















