20
сентябрь
2021
Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі
Дұрыс тамақтану-денсаулық кепіліАғымдағы жылдың 20.09 күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің 1-сынып мұғалімдері оқушылармен «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» атты тақырыпта оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Адам денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына зор ықпалын тигізеді. Мектеп асханасына апарып, дұрыс тамақтану бұрышымен таныстырды. Тамақты үстелдің басында отырып тамақ ішу керектігін көрсетті. Дұрыс тамақтану денсаулықтарын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттырады.








