«Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі»
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінің кезекші бастауыш сыныптары арасында «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» атты тақырыпта түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Мақсаты: Оқушылардың жақсы денсаулығының, жан - жақты дамуының кепілдігі - тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатынын түсіндіру.
Кезекші бастауыш сыныптардан 15 оқушы, 3 мұғалім қатысты. Бастауыш 4 «А» сынып жетекшісі Бахтыбаева Р.А оқушыларға дұрыс тамақтанудың жолдарын, адам ағзасына пайдалы, зиянды тағамдарды тізбектеп айтып, көрсетіп өтті. Оқушылар дұрыс тамақтану бойынша өздері жаттаған тақпақ, өлеңдерін айтты. Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Утегенова К.И. білім алушыларға дұрыс тамақтану бойынша қосымша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Оқушылар суреттер арқылы денсаулыққа пайдалы, зиянды тағамдарды атап көрсетті.