Дұрыс тамақтану бойынша сынып жетекшілерімен жүргізілген түсіндіру жұмыстары
2020 жылдың 12 қараша күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінің сынып жетекшілері және мектеп әкімшілігі арасында коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезінде күзгі демалыс уақытында оқушыларға дұрыс тамақтанудың маңызы зор екендігін түсіндіру жұмыстары Zoom платформасы арқылы жүргізілді.Мектептің әлеуметтік педагогы Турениязова З пандемия кезінде дәрумендері мол тағамдарды мейлінше көп жеген, спортпен шұғылданған дені сау оқушылардың оқуға деген ынтасының артатынын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар оқушылардың бос уақыттарын үнемді жұмсау мақсатында мектептегі өткізіліп жатқан үйірме жұмыстарына оқушыларды қатыстыру және дұрыс тамақтану туралы әрбір сынып жетекшісі өз сыныбымен түсіндіру жұмыстарын, тәрбие сағаттарын көптеп жүргізу керектігін айтып өтті. Әлеуметтік педагог Тоқтарова Ж мектепте өткізілген дәстүрлі жалпы республикалық «мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізу барысында аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға түгелдей қолдау көрсетілгенін айтты.



