Сайыс сабақ. Тақырыбы «Ас адамның арқауы»
2020 жылдың 27 –қазан күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20жалпы білім беретін мектебінің кезекші 3 «А» сынып оқушыларымен «Ас-адамның арқауы» атты тақырыпта дұрыс тамақтануға қатысты топтық сайыс өткізіілді.
Мақсаты: Оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениетімен таныстыру.Адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін, денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
Сынып жетекшісі Нармағанбетова Ж өз сөзін Сара Назарбаеваның «Дені сау сәби әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы,Отанының сенімді тірегі» деген сөзімен бастады. Кезекші сыныптағы 10 оқушы 2 топқа бөлінді. 2 топқа салауатты өмір салты бойынша сұрақтар қойылды. Оқушылар адам ағзасына пайдалы ,зиянды заттардың суреттерін топпен бірлесе отырып жұмыс атқарды. Өздері салған суреттерді топ басшылары қорғап шықты. Бастауыш сыныптар бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Утегенова К.И. жеңіске жеткен топ мүшелеріне сәттілік тілеп,алдағы уақытта адам ағзасына пайдалы дәрумендерді көптеп пайдалану керектігін, әрбір адам өз денсаулығына өзі жауапты екендігін айтып, түсіндіру жұмысын жүргізіп өтті.





