06
июнь
2022
География пәнінен қорытынды аттестаттау бойынша мемлекеттік емтихан тапсырды
2022 жылдың 6-маусым күні 9-сынып білім алушылары таңдау пәні - география пәнінен қорытынды аттестаттау бойынша мемлекеттік емтихан тапсырды. Емтихан материалдары 2 бөлімнен тұрды: А бөлімі 15 сұрақтан тұратын бір жауапты тест тапсырмаларынан, В бөлімі бірнеше жауапты деңгейлік тапсырмалардан құрылған. Жалпы балл 30 балл. Білім алушылардың жұмыстары талапқа сай орындалып, өз уақытында аяқталды. Мемлекеттік емтихан жақсы деңгейде өтті.
