06
июнь
2022
Биология пәнінен негізгі орта мектеп курсы үшін мемлекеттік емтихан алынды
Ағымдағы жылдың 6 маусым күні Тұрар Рысқұлов атындағы N20 жалпы орта білім беретін мектебінің 9 - сынып мектеп бітіруші түлектерінен таңдау пәні - биология пәнінен негізгі орта мектеп курсы үшін мемлекеттік емтихан алынды. Емтихан материалдары 2 бөлімнен тұрады: А бөлімі 15 сұрақтан тұратын бір жауапты тест тапсырмаларынан, В бөлімі бірнеше жауапты деңгейлік тапсырмаларынан құрылған. Жалпы балл 50 балл. Білім алушылардың жұмыстары талапқа сай орындалып, өз уақытында аяқталды. Мемлекеттік емтихан жақсы деңгейде өтті.
