30
май
2022
Қазақ тілі пәнінен қорытынды аттестаттау бойынша мемлекеттік емтихан тапсырды
2022 жылдың 30 мамыр күні 11-сынып мектеп бітірушілері қазақ тілі пәнінен қорытынды аттестаттау бойынша мемлекеттік емтихан тапсырды. Емтихан материалдары салынған пакет сағат 9.45-те ашылды. Емтихан сағат 10-00-де басталып, 13-00-де аяқталды. Қорытынды аттестаттау материалдары екі бөлімнен тұрды. 1- бөлімде 1 тапсырма беріліп, 10 сұраққа жауап алынды. 2 тапсырмада мәтіндегі мәліметтерді қолданып, оқушылар мүмкіндігінше өз сөзімен жауап берді. 2-бөлімде берілген тапсырмалардың ішінен 1-еуін таңдап жазба жұмыстарын орындады. Жұмыстар өз уақтысында талапқа сай орындалып, мемлекеттік емтихан өз деңгейінде өтті.

