31
май
2022
Мектеп директоры- Н.Т.Мырзаханов референдум бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Ағымдағы жылдың 31 мамыр күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің педагогтары мен кіші қызметкерлері арасында мектеп директоры- Н.Т.Мырзаханов референдум бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиналысты мектеп директоры ашып, онда алдағы уақытта 2022 жылдың 5 маусымында өтетін Республикалық референдум туралы тоқталып өтті. Сонымен қатар директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Б.М.Абдуалиева Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының және мемлекет тіршілігінің өзге де неғұрлым маңызды мәселелері жөніндегі шешімдері бойынша бүкілхалықтық дауыс беру. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу үшін референдум өткізуді ұсынуы, халық қамы үшін жасалатыны анық екенін түсіндірді.

